Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі

1-07-2026, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, Парламент, сот жүйесі, адвокатура, халықаралық ұйымдар, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ,еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары қатысып, 150-ден астам адам куә болды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова конференцияны ашып, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетініне тоқталып өтті.

«Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуында жаңа кезеңнің негізі қаланды. Бұл құқықтық жүйені, мемлекеттік басқаруды және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің стратегиялық бағдарларын айқындап берді. Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуімен Конституциялық Сот Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, конституциялық құндылықтарды қорғауды одан әрі нығайтады. Бұл Қазақстанның тарихи әрі құқықтық дамуының жаңа кезеңінің бастауын білдіреді,- деді ол.

Абай облысының жергілікті атқарушы орган өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары конференцияға бейне режимде қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив