Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Бүгін Абай облысында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай жаңа Ата заңның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті.
Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мейрамхат Айнабеков, құқық қорғау органдарының, өңірлік департаменттердің жетекшілері, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа Конституцияның ел дамуындағы тарихи маңызына тоқталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде Конституцияның 25 мың данасы басылып шығарылып, мемлекеттік органдарға жеткізіледі. Оның 1146 данасы Абай облысына бөлініп, аудандарға, білім беру ұйымдарына, кітапханаларға және кәсіподақтарға таратылды.
Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысының арнайы құттықтауымен жолданған жаңа Конституцияның ресми басылымы облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабековке салтанатты түрде табысталды.










