Мейрамхат Айнабеков: «Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады»
Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай Конституциялық комиссияның мүшесі, Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков жаңа Ата заңның тарихи маңызына тоқталды.
Оның айтуынша, жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің дамуындағы айтулы әрі тарихи оқиға. Бұл құжат алдағы уақытта Қазақстандағы қоғамдық-саяси және құқықтық үдерістердің негізгі бағытын айқындап, барлық мемлекеттік институттар мен азаматтардың қызметі Конституция талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ол жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды толық іске асыру үшін заң шығару жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, экономиканың дамуына, әлеуметтік саланың нығаюына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына оң ықпал етеді.