Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Жаңа Конституция цифрлық дамудың берік құқықтық негізін қалыптастырды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы жаңа Ата заңда цифрлық даму бағытына ерекше басымдық берілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, цифрландыру бүгінгі таңда мемлекеттік басқарудың, экономиканың және қоғамдық өмірдің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Сондықтан жаңа Конституцияда осы бағыттың айқын көрініс табуы – заман талабына сай қабылданған маңызды шешім.

«Жаңа Конституция цифрлық трансформацияны жеделдетуге және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға құқықтық негіз қалайды. Ең бастысы, алғаш рет азаматтардың цифрлық деректері мен жеке ақпаратының қорғалуына конституциялық деңгейде ерекше мән берілді. Бұл – цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам», – деді Абзал Серікұлы.

Ол цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты. Оның пікірінше, жаңа Конституциядағы бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіруге, инновациялық жобаларды дамытуға және халыққа көрсетілетін цифрлық сервистердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға жаңа мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, басқарма басшысы жаңа Конституцияның цифрлық технологияларды дамытуға қолайлы құқықтық орта қалыптастырып, Қазақстанның инновациялық әлеуетін нығайтуға және цифрлық экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив