Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай рақымшылық туралы заң қабылданды

Бүгін, 16:41 018.kz

Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты рақымшылық туралы заң қабылданды. Бұл – қоғамдағы ізгілік қағидаттарын нығайтуға, азаматтарға түзеліп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік беруге бағытталған маңызды құқықтық шешім.

Заң қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. Сонымен қатар рақымшылық ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды, азаптауды, қылмыстық топ құрамында жасалған құқық бұзушылықтарды және қылмысты қайталап жасаған адамдарды қамтымайды.

Алдын ала есеп бойынша, рақымшылық шараларының нәтижесінде 16,5 мыңнан астам адамға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге Қазақстан тарихында тұңғыш рет әкімшілік рақымшылық енгізіліп, 260-тан астам бап бойынша салынған айыппұлдарды төлеуден босату көзделіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив