Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?
Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық сан
Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қалдыбатырдың сөзінше, ішек инфекциялары көбіне лас қол, сапасыз су, жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ дұрыс сақталмаған тағам арқылы жұғады.
Мамандардың айтуынша, жіті ішек инфекциялары ас қорыту жүйесін зақымдайды. Оның негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, құсу және іш өту. Сондықтан қолды сабындап жиі жуу, шикі және дайын тағамды бірге сақтамау, тағамды толық пісіру, тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтау және қауіпсіз ауыз суды пайдалану маңызды.
Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Динара Тлекина жазғы демалыс кезінде ашық су айдындарында да сақ болған жөн екенін айтты.
Мамандардың айтуынша, қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы жұқпалы ішек ауруларының қаупін едәуір азайтуға болады. Сондықтан тұрғындарды жеке гигиена талаптарын сақтап, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.


