«Жасыл мекен» челленджі аясында Абай облысында 14 мыңға жуық көшет пен 17 мың гүл отырғызылды
Бүгін, 13 мамыр күні Астана қаласының уақытымен 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі басталды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған экологиялық акцияға Абай облысының білім беру мекемелерінен 12361 оқушы, 5342 студент, 841 аудан, қала әкімдері мен депутаттар, ұстаздар, ата-аналар, білім басқармасы мен бөлім басшылары, орынбасарлары қатысты.
Абай облысы Семей қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен бірге көшет отырғызуға білім басқармасының басшысы Н. Ахметқалиев қатысты.
Басқарма басшысы республикалық іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, еңбекқорлыққа шақырды.
Челлендж білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталды және көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болды.
Айта кетейік, экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтті.