Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.11 545.58 6.2

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Бейжіңде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының атом саласындағы негізгі мемлекеттік органдары мен жетекші ұйымдарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, ҚХР Мемлекеттік энергетика істері басқармасының (NEA) басшысы Ван Хунчжимен, Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (CAEA) төрағасы Шань Чжундэмен, сондай-ақ Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) басқарма төрағасы Шэнь Яньфэнмен келіссөздер өтті.

Кездесулер барысында бірлескен бастамаларды іске асыру, өндірістік кооперацияны дамыту, сондай-ақ екі елдің салалық мемлекеттік органдары мен атом өнеркәсібі ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Келіссөздер барысында атом саласын мемлекеттік реттеу, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлар даярлау және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асыруға және атом саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмыс тетіктерінің қызметін жандандыруға дайын екендіктерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив