Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Қазақстандық мерген Қытайдың әскери академиясын үздік аяқтады

Бүгін, 18:19 018.kz

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының нұсқаушы сержанты 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов Қытай Халық Республикасының әскери академиясын үздік бітірді.

Оқу курсы барысында жерлесіміз ҚХР Құрлық әскерлері Жаяу әскерлер академиясының Шицзячжуан филиалында үздік үлгерім, үлгілі тәртіп көрсетіп, заманауи мергендік даярлық әдістерін меңгеруде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Оқу қорытындысы бойынша 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов жоғары нәтижелері үшін алтын медальмен марапатталып, «Бірінші санатты мерген» құрметті атағына ие болды.

Оқу барысында жинақталған білім мен практикалық тәжірибе Құрлық әскерлері бөлімшелерінің даярлық жүйесіне енгізіліп, әскери қызметшілердің жауынгерлік машығын арттыруға, сондай-ақ отандық мергендер даярлау мектебін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етпек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив