Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауымен 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды

30-07-2026, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы нәтижесінде 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

1 шілдедегі жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,6 мыңнан астам тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар беріліп, жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған тиісті шаралар қабылданды.

Жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Тексерулер барысында бірқатар кәсіпорындарда жұмыскерлер алдындағы жалақы бойынша берешек анықталды. Жұмыс берушілермен бірлесіп берешекті өтеу кестелері бекітіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды. Соның нәтижесінде берешектің бір бөлігі өтеліп, жүздеген жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің еңбек міндеттемелерін орындаудағы жауапкершілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив