Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын табыстады

30-07-2026, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифаға сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, қазақстандық тараптың екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілдігін растады.

Өз кезегінде, Король Хамад Әл Халифа Қазақстан мен Бахрейн арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ қазақстандық дипломаттың қызметіне жемісті жұмыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив