Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
466.08 538.56 5.65

Үкіметте мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автомобиль өткізу пункттеріндегі ағымдағы ахуал мәселелері және көлік ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде кеңес өтті.

Жиынға Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылары қатысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мемлекеттік шекарадағы ахуал және «Әлімбет», «Жайсан», «Сырым» өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының жедел өтуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасы тыңдалды. Қазақстан тарапындағы өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың маусымдық артуын ескере отырып, ЕАЭО ішкі контурындағы автомобиль өткізу пункттерінің уақтылы жаңғыртылуына бақылау күшейтілгені атап өтілді. Бұл бақылаудан өту уақытын қысқартады.

Бұдан бөлек, жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында басымдық берілген өткізу пункттерінің маңында жүргізушілерге арналған күту сервистік аймақтары құрылады. Бұл шекаралық бақылаудан өту кезеңінде жүргізушілердің жайлы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Тиісті жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша автокөлік құралдарының үздіксіз және жедел өткізілуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Осы мақсатта Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел штабтар ашты. Жағдай Үкіметтің тікелей бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив