Cемей34°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
466.08 538.56 5.65

«Әділет» партиясының ұсыныстары «Елімай» футболшыларының көңілінен шықты

Бүгін, 11:18 018.kz

«Әділет» партиясының өкілдері Семейде «Елімай» футбол клубының басшылығы және команда мүшелерімен кездесті. Жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы спортты, жастарды және адам әлеуетін дамытуға бағытталған бастамалары талқыланды. Ал кездесу соңында клуб өкілдері алдағы Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясын қолдайтындарын мәлімдеді.

«Елімай» футбол клубының президенті Асқар Ұранхаевтың айтуынша, партияның бағдарламасындағы негізгі құндылықтар клубтың күнделікті жұмысымен де үндеседі. Әсіресе жастарды қолдау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты ұрпақ қалыптастыру және заманауи спорт инфрақұрылымын құру бағыттары ортақ мақсаттарды біріктіреді.

«Сондықтан бізге Жаңа Конституцияда, сондай-ақ «Әділет» партиясының бағдарламасында көрініс тапқан мақсаттар жақын: адам әлеуетін дамыту, жастарды, бұқаралық спортты қолдау, салауатты ұрпақ тәрбиелеу және заманауи спорт инфрақұрылымын құру. Негізінен, бұл – біз футбол клубы арқылы күн сайын жүзеге асырып келе жатқан жұмыс», – деді Асқар Ұранхаев.

Клуб өкілдерінің сөзінше, спорт – жас ұрпақтың әлеуетін ашып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, партияның спорт саласына қатысты ұсыныстары футбол клубының даму бағыттарымен де сабақтас.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында әр баланың тұрғылықты жері мен отбасының табысына қарамастан өз қабілетін дамытуына жағдай жасау көзделген. Осы мақсатта бүкіл ел бойынша оқушылар сарайлары мен өнер мектептерін дамыту, ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша мектеп және студенттер лигаларын кеңейту ұсынылады.

Бағдарламада спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға да басымдық берілген. Барлық өңірдегі негізгі спорт нысандарын жаңарту және жаңа нысандар салу, спортшыларды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ жаттықтырушылардың еңбегін ынталандыратын төлем жүйесін енгізу ұсынылған.

Кездесу соңында «Елімай» футбол клубының жартылай қорғаушысы Жан Әли Пайруз команда атынан партияға қолдау білдірді.

«Біз «Әділет» партиясымен кездескенімізге қуаныштымыз. Барлығымызды Әділетті Қазақстанды құруға деген ұмтылыс біріктіреді. Команда атынан партияға алдағы сайлауда сәттілік пен жеңіс тілеймін», – деді ол.

Сондай-ақ, партия басшысына клуб атынан футбол добы мен команда жейдесін естелік ретінде сыйға тартты.

Айта кетейік, «Елімай» – Семей қаласының кәсіби футбол клубы. 1964 жылы құрылып, кейін қайта жаңғыртылған команда Қазақстан Премьер-лигасында табысты өнер көрсетіп келеді. Бүгінде ел чемпионатында 20 турдан кейін 31 ұпаймен 6-орында тұр. Соңғы рет өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, 3:1 есебімен басып түсті. 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив