Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
466.08 538.56 5.65

Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыс әкімдері, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау барысы туралы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Абай облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жалғасады. 

Кеңес барысында нысандарды салу және жаңғырту мерзімдерін сақтауға, жұмыстардың сапалы орындалуына, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды. 

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға теміржол объектілерін пайдалануға беру мерзімдерін сақтауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив