Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.74 537.23 5.62

Абай облысында мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау күшейтілуде

Бүгін, 14:59 018.kz

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Департаменттің негізгі міндеті – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау.

Есепті кезеңде 12 бақылау іс-шарасы, оның ішінде 7 жоспарлы және 5 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 12 165 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, негізсіз бас тарту және басқа да талаптардың сақталмауы фактілері бар.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 5 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар бақылау іс-шараларын өткізбей-ақ тағы 2 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, жер учаскелерін жалдау мерзімдері ұзартылды.

Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Департамент цифрлық құралдар мен қашықтан мониторинг жүргізу тетіктерін белсенді пайдаланып келеді. Жылдың алғашқы алты айында жүргізілген қашықтан мониторинг барысында 2 800-ден астам заң бұзушылық анықталып, қабылданған шаралардың нәтижесінде 152 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді.

Тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсетушілерге 41 ұсыным беріліп, барлығы толық орындалды. Заң бұзушылықтарға жол берген 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабы бойынша 3 тұлғаға қатысты 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – заң бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмей, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету.

Департамент алдағы уақытта да цифрлық бақылау мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың бұзылған құқықтарын жедел қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив