Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.19 536.55 5.61

Облыс әкімі «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасымен кездесті

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуге «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жакеевпен бірге Абай облысы бойынша «Қазпочта» АҚ филиалының директоры Нұрдәулет Лесбаев және «Қазпочта» АҚ стратегиялық департаментінің директоры Шыңғыс Төрегелдин қатысты.

Кездесуде Абай облысындағы пошта инфрақұрылымын дамыту, ауылдық және қалалық бөлімшелердің қолжетімділігін арттыру, нысандарды жаңғырту, қаржылық қызметтер аясын кеңейту және цифрлық сервистерді енгізу мәселелері талқыланды.

Бүгінде «Қазпочта» АҚ Абай облысының 590 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Аймақтық желіге 92 пошта инфрақұрылым нысаны кіреді, бұл 327 ауылдық елді мекенді қамтиды.

Кездесу барысында ауылдық елді мекендер мен Семей қаласындағы пошта бөлімшелерін дамыту және жаңғырту, сондай-ақ, мемлекеттік ұйымдар мен компаниялармен қаржылық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Innoforce компаниясымен бірлесіп, қолданыстағы Avtobys жүйесінің негізінде әзірленген қоғамдық көлікті субсидиялаудың цифрлық платформасы таныстырылды.

«Қазпочта» АҚ Абай облысының сенімді инфрақұрылымдық серіктесі ретінде электрондық коммерцияны дамытуға, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, мемлекеттік бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ, тұрғындар мен бизнеске арналған заманауи сервистерді дамытуға дайын екенін білдірді.

Облыс әкімі Берік Уәли пошта бөлімшелері, әсіресе ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым екенін атап өтті.

«Қазпочтаның облыстағы желісі ауқымды. Әсіресе ауылдық жерлерде пошта бөлімшелері тұрғындар үшін көптеген қызметке қол жеткізетін маңызды орын. Сондықтан халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және цифрлық сервистерді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Айтылған ұсыныстарды қарастырайық. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Берік Уәли.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив