Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Абай облысының әкімдігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда

Бүгін, 14:59 018.kz

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

2026 жылғы 16 сәуірдегі Абай облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының №1 хаттамалық тапсырмасының 10-тармағын орындау мақсатында негізгі міндеті жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ олардың алдын алуға бағытталған нақты шараларды әзірлеу болып табылатын мобильді топ құрылды.

2026 жылғы 13–14 тамыз аралығында мобильді топ «Омбы – Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Семей – Алматы бағытындағы, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскесінде алғашқы көшпелі іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін авариялық қауіпті учаскелерге зерделеу жүргізіліп, жол-көлік оқиғаларының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалды. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Жол қозғалысына қатысушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылды. Көшпелі іс-шара аясында «Қауіпсіз жол» акциясы өткізіліп, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, шаршаған күйде көлік құралын басқаруға жол бермеу және қауіпсіздік белдігін пайдалану қажеттілігі түсіндірілді. Жол қозғалысына қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Сонымен қатар, алыс қашықтыққа жүк және жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығына жақын орналасқан жол учаскесінде олардың қысқа уақыт демалуына жағдай жасалды. Жүргізушілерге ыстық шай мен кофе ұсынылды.

Мобильді топтың жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады. Негізгі назар авариялық қауіпті учаскелерді жүйелі түрде анықтауға, жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, сондай-ақ жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив