Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Астанада QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 өтеді

18-08-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

19 тамызда alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 өтеді. Форум гуманоидты робототехника, Embodied AI, бизнес және жаңа технологияларды іс жүзінде қолдану бағыттарын біріктіретін Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған алаңдардың бірі болмақ.

Форумды қазақстандық QAZBOT Technologies компаниясы ұйымдастырады. Форумға гуманоидты роботтар саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі AgiBot қатысады. Компания жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа буын роботтарды және робототехникалық шешімдерді әзірлейді.

Форум аясында QAZBOT Қазақстандағы Robotics & AI саласын дамыту жөніндегі көзқарасын және компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстырады. Атап айтқанда, робототехникалық жүйелерді жергіліктендіру және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз ету мен AI модельдерін әзірлеу, R&D және Data Factory бағыттарын дамыту, инженерлік кадрларды даярлау және шешімдерді экономиканың түрлі салаларына енгізу мәселелері қамтылады.

Форумда бизнеспен практикалық өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылады. Іс-шара аясында QAZBOT және AgiBot компанияларының ірі қазақстандық компаниялар өкілдерімен бірқатар жабық B2B кездесулері жоспарланған. Оған банк және қаржы секторының, мұнай-газ саласының, өнеркәсіптің және Қазақстан экономикасының басқа да негізгі салаларының жетекші өкілдері қатысуға шақырылды.

AgiBot компаниясының операциялық директоры Цзян Цинсун (Jiang Qingsong) робототехника саласының дамуы жөніндегі халықаралық тәжірибесімен бөліседі. Іскерлік бағдарламада QAZBOT Technologies және Astana Hub өкілдерінің сөз сөйлеуі де жоспарланған. Форумның басты пікірталас алаңы «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру» тақырыбындағы пленарлық сессия болады.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 19 тамыз, 10:00-де

Өтетін орны: alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы, Астана

Тіркелуге арналған сілтеме:

https://form.astanahub.com/form/view/246496?fbclid=PAcGRvZgRleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZAwyNTYyODEwNDA1NTgAAafYQlENqZ5hCfKuuyT_2E-Txs8pawc1fyl_fmhPkgzXo_CdGJVJTO3eDI987A_aem_iEWWxAjEzH6CtRgvz5vXGw

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив