Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
461.39 534.75 5.45

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залында ашық есік күндері басталды

Бүгін, 12:17 018.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай еліміздің тарихындағы аса маңызды кезеңдердің біріне арналған еске алу және ағартушылық іс-шараларын өткізуде. Бүгін Курчатов қаласында Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залында Ашық есік күндері басталды.

Іс-шара Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына және Қазақстан Республикасының бастамасымен жыл сайын 29 тамызда аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылды.

Ашық есік күндерінің басты мақсаты – Семей сынақ полигоны туралы тарихи оқиғаны есте сақтау, келушілерді отандық атом ғылымының даму кезеңдерімен таныстыру және Қазақстанның ядролық сынақтар жүргізілген елден ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналу жолын көрсету.

Экспозициялық залда отандық атом саласының қалыптасуы мен дамуын кезең-кезеңімен танып-білуге мүмкіндік беретін бірегей тарихи материалдар сақталған. Мұнда елуінші жылдардағы ғылыми-техникалық есептердің түпнұсқалары, өлшеу құралдары, архив фотосуреттері, макеттер және Семей сынақ полигоны қызметінің әртүрлі кезеңін бейнелейтін басқа да экспонаттар қойылған.

Бүгін, 18 тамызда, экспозициялық зал Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды. Келушілер үшін қазақ және орыс тілінде экскурсия ұйымдастырылды.

20 тамызда Ашық есік күні шетел азаматтары үшін өткізіледі. Экскурсия ағылшын тілінде жүргізіледі.

Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл өтсе де, оның тарихы Қазақстанның өткені болып қана емес, бүкіл әлем үшін маңызды сабақ болып қала бермек. Ядролық сынақтан бейбітшілікті ұстану мен ядролық қаруды таратпау саясатына дейінгі жолдан өткен Қазақстан ядролық қауіпсіздік пен қарусыздану қағидаттарына бейілділігін дәйекті түрде көрсетіп келеді. Бұл оқиғаларды есте сақтау – мұндай сынақтар ешқашан қайталанбайтын болашақты қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив