Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
461.39 534.75 5.45

Мемлекет басшысының тапсырмасы: Қазақстанның су саласына маман даярлайтын оқу орындарының саны 1,5 есеге өсті

Бүгін, 15:50 018.kz

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласының кадрлық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, еліміздің су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын оқу орындарының саны артып отыр.

Мәселен, 2023 жылы республикада болашақ су шаруашылығы мамандарын даярлайтын 9 жоғары оқу орны және 6 колледж болса, бүгінде су шаруашылығы саласына мамандарды 13 университет пен 10 арнаулы орта оқу орны даярлайды.

Осылайша, су саласына кадр даярлайтын оқу орындарының жалпы саны 15-тен 23-ке дейін өсті.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Сонымен қатар Астана технологиялық колледжі, Көксу политехникалық колледжі, Теміртау жоғары политехникалық колледжі және Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі студенттеріне су саласы бойынша мамандықтарда білім алу мүмкіндігі берілді.

«Министрлік су шаруашылығы мамандарын даярлайтын барлық оқу орнымен меморандумдар жасасты. Бұл оқу орындарында білім алатын студенттер «Қазсушар» РМК-ның филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Биыл су шаруашылығы саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны былтырмен салыстырғанда екі есеге жуық артты. Қазіргі таңда су саласы бойынша мамандықтарда шамамен 2,7 мың адам білім алып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив