Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

19-08-2026, 08:32 018.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды.

— 777 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өтті. Оның ішінде 160 байқаушы 42 шет мемлекеттен. Ал 617 байқаушы 13 халықаралық ұйымнан. Сонымен қатар, парламенттік ассамблеялар мен халықаралық парламенттік ұйымдардан 41 елдің атынан 138 Парламент депутаты байқаушы ретінде тіркелді, — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның сөзінше, халықаралық байқаушылардың қатысуы сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығына және мемлекет халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал етеді.

— Бұл — біздің халықаралық міндеттемелерге бейілділігіміздің, сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, — деді Нұрлан Әбдіров.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив