Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Қазақстан мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

19-08-2026, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ТМД-ның бірінші волонтерлер форумына қатысуға келген БҰҰ Еріктілер бағдарламасының (БҰҰЕБ) Атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның бастамасымен жарияланған Орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылын өткізу аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Т.Курбанов Қазақстанның волонтерлік қозғалысты жаһандық деңгейде ілгерілетудегі көшбасшылық рөлін жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарар қабылдауын халықаралық еріктілік күн тәртібін дамытуға қосылған елеулі үлес ретінде атап өтті.

Әңгімелесушіге Қазақстанның экологиялық еріктілік саласындағы жетістіктері, атап айтқанда, Каспий теңізін сақтау және Арал маңы өңірін қалпына келтіру жөніндегі бастамалар мен жобалар, сондай-ақ азаматтық қоғамды жұмылдырудың үлгісіне айналған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы таныстырылды.

Тараптар қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық агенттіктерінің қызметіне, оның ішінде БҰҰЕБ-ның Толық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде, қатысуын күшейту мәселесін талқылады. Сонымен қатар Қазақстанның еріктілік бастамаларын БҰҰЕБ-ның Арнайы қоры арқылы ілгерілетуге қатысуын кеңейту жөнінде уағдаласты.

Тараптар 2026 жылдан кейінгі кезеңде ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде еріктілік күн тәртібін одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады. Т.Курбанов БҰҰЕБ-ның Қазақстанның еріктілік саласындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив