Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.22 536.5 5.43

IT көш бастап тұр: «сарбаз» грантын иеленгендер қандай мамандықты таңдайды?

Бүгін, 11:18 018.kz

Қазақстанда белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген 1 745 азаматқа еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттары берілді.

Ең көп сұранысқа ие ақпараттық технологиялар болып отыр. Бұл мамандықты 234 адам, яғни грант иегерлерінің 13,4 пайызы таңдаған. Екінші орында – орман шаруашылығы. 136 адам (7,8%) болашақ мамандығын табиғатты қорғау саласына арнағысы келеді. Үшінші орында 134 адаммен (7,7%) коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар мамандығы тұр. Ал тағы 119 адам (6,8%) ақпараттық қауіпсіздік бағытын таңдаған. Жоғары оқу орындары арасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті көш бастап тұр. Мұнда 156 грант иегері (8,9%) білім алуға ниет білдірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 144 адам (8,3%) таңдаған. Үшінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бөлісті. Олардың әрқайсысына 134 адамнан (7,7%) түскен.

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің бірі – Әлихан Жамбылов. Ол ақпараттық қауіпсіздік мамандығын таңдаған.

– Ақпараттық қауіпсіздік мамандығын саналы түрде таңдадым. Бүгінде цифрлық технологиялар барлық салада қолданылады. Сондықтан ақпаратты қорғау саласы маманына сұраныс жоғары. Әскери қызметті өтегеннен кейін грант алу мүмкіндігі мен үшін үлкен ынталандыру болды. Ендігі міндетім – сапалы білім алып, білікті маман атану, – деді Әлихан Жамбылов.

Әскери қызметшілерді іріктеу «Срочники 2.0» цифрлық жобасы аясында жүргізіледі. Мерзімді қызмет барысында әскери қызметшінің цифрлық рейтингі қалыптастырылады. Онда жауынгерлік даярлық нәтижелері, әскери тәртібі және басқа да көрсеткіштері ескеріледі. Рейтинг қорытындысы бойынша ақпараттық жүйе білім беру гранттарын автоматты түрде бөледі. Бұл іріктеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, адами фактордың ықпалын болдырмайды.

2024 жылы мерзімді әскери қызметшілерге шәкіртақы төленетін мемлекеттік білім беру гранттарын алу және жатақханадан орын беруде басым құқыққа ие болу мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар тікелей әскери қызмет барысында өткен іріктеу нәтижелері бойынша жоғары әскери оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие.

Білім алуға берілетін жеңілдіктер мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Олар жастардың запасқа шыққаннан кейін білім алып, кәсіби тұрғыдан дамуына қосымша мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив