Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Швейцарияның Уақытша сенімді өкілімен кездесу өткізді

25-08-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Джорджо Помпилиомен Астанадағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-швейцар ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. «Blue Peace Central Asia» (BPCA) бастамасы аясындағы су және экология салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Көлік, фармацевтика және экология салаларындағы практикалық әріптестікті тұрақты дамыту маңыздылығы аталып өтті.

Кездесу соңында А. Исетов Д. Помпилиоға екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив