Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу ережесі дайындалды
ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және ішкі істер органдарында медициналық лауазымдары қысқартылған, 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, лауазымы қысқартылған кезде кемінде он екі жыл және алты ай үздіксіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет атқарған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық акт азаматтардың жоғарыда көрсетілген санаттарына еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14564757