Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҚР ИИДМ басшысы Абай облысының индустриялық даму жоспарымен танысты

22-05-2023, 09:37 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Абай облысына жасаған іссапары кезінде өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс барысы мен Семейдегі әуежайда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарын бағамдап қайтты.

Қасиетті өңір бір кездері бүкіл республикаға әртараптандырылған өнеркәсібімен танымал еді. Енді облыс мәртебесін иеленіп, қайта түлеген аймақ өндірісі жолға қойылған көшбасшылардың қатарына қосылуды көздеп отыр. Мәселен, қазір мұнда бұрынғы кәсіпорындар жаңғырып, сондай-ақ жаңа индустриялық жобалар қолға алынды.    

Статистикаға келсек, былтыр облыста ішкі жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеден асқан. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 450 млрд теңгеге жетіп, бұл 2022 жылдағы көрсеткіштен 13,4%-ға көп. Қазір өңірдегі өңдеу зауыттары мен фабрикаларда 10,4 мың адам жұмыс істеп келеді.

Ұлылар өлкесінде қарқынды дамып келе жатқанөндіріс орындарының бірі «Қазэлектромаш» ЖШС саналады. Электромонтаж қызметтеріне маманданған кәсіпорын 2012 жылдан бастап Қазақстанның электр энергетикасы секторына қажетті сымдар мен кабельдердің өндірісін жолға қойған. Бүгінде компания жылына 15 мың шақырымдай өнім шығарып, 170 маманды жұмыспен қамтып отыр. Шығарылатын өнім түрлерінің ішінде жылжымалы құрамдарға, суасты сорғылау құралдары мен электр желілеріне арналған орташа және жоғары кернеулі кабельдер мен сымдар, сондай-ақ қуатты және бақылау кабельдері бар.

Ведомство басшысы компанияның өндірістік жоспарлары және шығарылатын өнім желісімен танысты.

Бұдан кейін Марат Кәрімжанұлы тері өңдеу кәсібіне байланысты ірі жобаның іске асырылуын бағамдады. Осы ретте бұл жоба банкротқа ұшыраған Семей былғары-тері өңдеу комбинатының базасында қолға алынғанын айта кету керек.

Кезінде ТМД көлемінде белгілі болған кәсіпорынды жаңғыртып, жұмыс орындарын ашуүшін 2020 жылы Қазақстанның инвестициялық қоры стратегиялық инвестор Semey Tannery ЖШС тартқан. Келісімшарт талаптары бойынша комбинатта өзінің дағдыланған қызметі, яғни ірі қара малдың терісін өңдеу мен wet blue тәсіліне сәйкес хромды илеудің жартылай фабрикатты экспортқа бағдарланған өндірісі іске қосылды.Қазір мұнда 80-нен астам адам еңбек етіп жатыр. Олардың дені зауытта бұрыннан бері қызмет етіп келе жатқан техникалық мамандар. Алдағы уақытташтаттың санын 180 адамға дейін ұлғайту жоспарлануда. Шикізатты өңдеу бойынша кәсіпорынның өндірістік қуаты 6 мың тонна немесе 350 мың тері. Ал wet blue-ге сәйкес жартылай фабрикатты өнім шығару мүмкіндігі жылына 1,7 млн шаршы метрге жетеді.

Сондай-ақ министр «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да болып, кәсіпорынды дамыту мен қаржылық сауықтыруға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде біліп қайтты. Тартылған инвестор Oljakol ЖШС-қысқа мерзімде шығарылатын өнім желісін кеңейтіп, жалақы бойынша берешекті өтеуді жоспарлап отыр. Қазір «Қамқор Вагон» ЖШС-мен 210 млн теңгеге люк қақпақтарымен қамтамасыз етуге байланыстыкелісімшартқа қол қойылыпты. Бұл бағыттағы жұмыс «Қазмырыш» АҚ және «Трансремвагон» ЖШС-мен де жүзеге асырылып жатқаны мәлім болды.

Бұдан бөлек М.Қарабаев Семейдегі халықаралық әуежайды жаңғырту жөніндегі жоспармен танысып, Қарағайлы шағын ауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқаннысандарды тексеріп шықты.

Қаланың бас жоспарына сәйкес 293 гектарды алып жатқан бұл аудан 35,6 мың адамға арналып шақталған. Мұнда екікезеңдік мерзім бойынша 277 көпқабатты тұрғын үйді, 6 мектеп, 6 балабақша, қысқы спорт түрлеріне арналған мұз модулі менжабық теннис кортын салу көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив