Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.88 503.61 5.24

Құрылтай депутаттары қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына 146 млн теңгеден астам қаражат аударады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылтай Бюросының отырысы Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды. Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

– Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы – бүкіл халқымыз үшін үлкен қайғы. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Барлық депутаттардың атынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін орны толмас қасірет, – деді Айбек Дәдебай.

Құрылтай Төрағасы мен депутаттары қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін ерікті түрде қаражат жинауды қолдады. Қазіргі уақытта жеке қаражат есебінен 146 млн 650 мың теңге жиналды. Қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылады. Қаражат жинау жалғасып жатыр. Депутаттар Айдарбек Қожаназаров, Руслан Идрисов, Мейірхат Қасымбаев, Бекжан Айтқұлов, Махамбет Хасенов әрқайсысы 20 млн теңгеден, Дана Медеуова, Айжан Наимбекова және Бауыржан Жамалов әрқайсысы 10 млн теңгеден, Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамбедиев, Мұса Хайруллиев әрқайсысы 5 млн теңгеден, Бегалы Ералиев 500 мың теңге және басқалары қаражат бөлді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив