Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.57 629.48 6.71

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2022 жылы рекордтық 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады

22-05-2023, 11:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2022 жылы рекордтық 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,1%-ке көп (1,2 млрд. АҚШ).

Қазақстаннан Сингапурға Экспорт 2022 жылы 67,8%-ке өсіп, 1,9 млрд. АҚШ. долларын құрады.

Сингапурға қазақстандық экспорттың өсуі мұнай жеткізілімдерінің 68,6%-ке немесе 761,6 млн. АҚШ долл. ұлғаюы әсерінен болды (1,1-ден 1,87 млрд. АҚШ). Қазақстаннан Сингапурға негізгі экспорттық тауар мұнай болып табылады, оның үлесі 99,9%.

Сингапурдан Қазақстанға Импорт 2022 жылы 0,5% -ке өсіп, 47,1 млн. АҚШ. долларын құрады.

Сингапурдан Импорт негізінен компьютерлік өнімдерден, әртүрлі өлшеу жабдықтарынан және химиялық заттардан тұрады.

Анықтама: 2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тауар айналымы 7%-ға қысқарып, 393,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл мұнай жеткізілімінің 14%-ға 357,2 млн АҚШ долларына дейін төмендеуінің салдары болып табылады, ал Сингапурдан импорт 2023 жылдың 1 тоқсанында 5 есеге яғни 36,1 млн.АҚШ долларына дейін өсті. (өсім 19,9 млн.АҚШ долларына 1 ұшақ сатып алу есебінен болды).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив