Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Ғани Бейсембаев Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде мұғалімдермен, қоғам белсенділерімен кездесіп, оқу-ағарту министрлігінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Рүстем Тоқбергенов департаментте жүргізілген тексерулер барысында білім саласында сыбайлас жемқорлық оқиғалары жүйелі түрде анықталатынын атап өтті.
– Қазіргі таңда республика бойынша орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде. Талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған. Өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, негізінен директорлар, мектеп есепшілері, балабақша меңгерушілері, білім бөлімдерінің меңгерушілері мен мамандары сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берген. Сыбайлас жемқорлық, негізінен, кадр мәселесінде, жалақы беруде, мемлекеттік сатып алу кезінде, анықтамалар беруде орын алған. Мұндай оқиғалар барлық жерде кең таралған. Бүгінгі күні жағдай іс жүзінде өзгерген жоқ. Сыртқы тәуекелді талдаудың аралық нәтижелері білім берудің барлық саласында мұндай фактілердің бар екенін көрсетеді, – деп атап өтті Рүстем Тоқбергенов.
ҚР Оқу-ағарту министрлігнің Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов ведомствоның саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындағанын атап өтті.
– Білім беру саласында бала тәрбиесі мен білім сапасына баса назар аударылады. Осы мақсатта Қазақстанда балабақшаларды кезең-кезеңімен лицензиялау 2024 жылдан басталады. Өйткені соңғы жылдары біз мектепке дейінгі білім беру сапасының мәселесіне тап болдық. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті де ұмытпаған жөн, – деді Ернұр Дәуенов.
Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев басқарманың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
– Мұғалімдер мемлекеттік аттестациядан автоматтандырылған режимде өтеді, келесі жылдан бастап бұл процедура толығымен цифрландырылатын болады. Бұл процедураны жеңілдетіп және жеделдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де жояды. Сондай-ақ, облыста мұғалімдерге түсетін жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жалпы облыста сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша да жүйелі негізде жұмыстар жүргізілуде. Бұл саланы цифрландыру ғана емес, бюджет қаражатын да тұрақты бақылау,- деп атап өтті Нұржан Ахметқалиев.
Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев сыбайлас жемқорлық мәселесі ведомствоның күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
– Бұл шынымен де маңызды мәселе, онымен күресу керек. Мектепте жөндеу жұмыстарына, сынып қажеттіліктеріне, мұғалімдерге сыйлыққа арнап қаржы жиналмау керек. Бұл талап орындалмаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдап жатыр. Мұғалімдерді аттестациялау мәселесінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Кейбір мұғалімдер аттестация мәселесін ақшамен шешуде және бұл туралы ашық айтылуда. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін министрлік өз ісіне шығармашылықпен қарап, жоғары көрсеткіш көрсеткен үздік мұғалімдерді бөлек бағалап, марапаттайтын болады,- деді министр.
Ғани Бейсембаев өз сөзін кез келген оқу орнында педагогикалық ұжымының басты назары білімге мен сапасына аударылуы тиіс деп қорытындылады.
– Біз кадрлық резервті қалыптастыруға да көңіл бөлеміз. Жалпы, біз жас ұрпаққа қандай білім мен тәрбие береміз, соған мән беруіміз керек. Мектептің директордан бастап бүкіл ұжымы бір ғана нәрсеге – балаларымыздың тәрбиесіне бағынуы керек. Кейбір мектеп директорлары өз кабинетінде отырып жұмыс істейді. Бұл дұрыс емес. Басшы мектепте болып жатқан барлық жаңалықтардан хабардар болып, барлығын бірінші кезекте білуі керек,- деп атап өтті Ғани Бейсембаев.