«Әділет» партиясы «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ұжымымен кездесті
Өндірістің дамуы – жаңа жұмыс орындары, тұрақты табыс және өңір экономикасының нығаюы. Алайда кәсіпорындардың әлеуетін толық пайдалану үшін сапалы инфрақұрылым, заманауи технологиялар мен білікті мамандар қажет. Бұл мәселелер Семей қаласындағы «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде кеңінен талқыланды.
Кездесуге «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Марат Макишев, Алмас Әділбеков, Мирас Малгаждаров және Роллан Ибраев қатысып, партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру, еңбек адамына қолдау көрсету және экономикалық өсімді тұрғындардың әл-ауқатымен ұштастыру мәселелеріне басымдық берілді.
Бағдарлама аясында 18 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген 527 маманға алты жыл ішінде әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.Бұл туралы Роллан Ибраев жұмыспен қамту мен ауылдық аумақтарды қолдаудың маңызын атап өтсе,Мирас Малғаждаров цифрлық инфрақұрылымның өндіріс пен өңір экономикасының дамуына ықпалытуралы айтты.
«Әділет» партиясы үшін сайлауалды бағдарламаны іске асыру – облыс тұрғындарының алдындағы жауапкершілік. Әрбір міндеттеме нақты іспен және қол жеткізілген нәтижелер туралы ашық есептілікпен сүйемелденуге тиіс. Осы мақсатта партия ашықтық пен қоғамдық бақылауды қамтамасыз етіп, қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде қадағалауды көздейді.







