Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді

24-05-2023, 18:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жиында Мемлекеттік комиссияның зерттеу, баспа және архив жұмыстарының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Іс-шарада 2023 жылы саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті материалдар мен құжаттар жинағын жарыққа шығару жоспарланғаны жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 1920-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырды.

Бұдан бөлек, комиссия отырысында ғалымдар мен зерттеушілердің ізденіс жұмыстарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған нысаналы қаржыландыру бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссияның баспа қызметін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, архив базасын жүйелеу және қорларға біріктіру ісін жалғастыру секілді негізгі бағыттарына қатысты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив