Қуаныш Қасенов: «Халық сенімі – нақты іспен дәлелденуі тиіс»
Абай облыстық мәслихатының №5 бірмандатты сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат Қуаныш Қасенов сайлау науқаны аясында тұрғындармен ашық диалог орнатуды және өңірдегі өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосуды мақсат етіп отыр.
Қазіргі уақытта Қуаныш Қасенов «Силикат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарады. Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмауды маңызды санайды.
Кандидаттың пікірінше, халықпен тұрақты байланыс орнату, әрбір азаматтың пікіріне құлақ асу және ортақ мәселелерді бірлесе талқылау – нәтижелі жұмыстың негізі.
«Тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары мен үшін әрдайым маңызды. Округіміздегі өзекті мәселелерді анықтап, олардың шешілуіне атсалысу – басты мақсатым. Себебі халықтың сенімі үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал жауапкершіліктің өлшемі – сөз емес, нақты іс», – дейді Қуаныш Қасенов.
Ол алдағы уақытта тұрғындармен етене жұмыс істеп, олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын назарға алуды көздейді.
*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Қасеновтыңсайлау қорынан төленді