Кандидат Айдар Шоманов тұрғындармен кездесті
Тұрғындармен жүздесіп, елді толғандырған мәселелерді талқылау – сайлауалды науқанның маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта №26 мектепте №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен кандидат Шоманов Айдар Тұрсынханұлының тұрғындармен кезекті кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жұмыс жоспарлары мен ел дамуына қатысты негізгі басымдықтарға тоқталды. Сондай-ақ қоғам үшін маңызды мәселелерді ортаға салып, тұрғындармен ашық пікір алмасты.
Жиынның негізгі мақсаты – халықтың талап-тілегін тыңдап, ел ішінде өзекті болып отырған мәселелерге назар аудару. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Өз кезегінде Шоманов Айдар Тұрсынханұлы айтылған ой-пікірлерге құлақ асып, көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулердің басты ерекшелігі – халық пен кандидат арасындағы тікелей байланысты нығайтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға жол ашуы. Себебі елдің ертеңіне қатысты маңызды шешімдер қабылдауда тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарының маңызы зор.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
*10 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Айдар Шомановтың сайлау қорынан төленді

