Кандидат Жанар Жунусова халықпен жүздесіп, сайлауалды басымдықтарын таныстырды
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында №16 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Жанар Жунусова тұрғындармен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясын жүргізуде. Басты мақсат – сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдау, сондай-ақ кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстыру.
Кездесу барысында Жанар Жунусова сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындарды толғандырған мәселелерге назар аударды. Өз кезегінде қала тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Мұндай жүздесулер халықтың тыныс-тіршілігін жақыннан танып, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерді тікелей тұрғындардың өз аузынан естуге мүмкіндік береді.
«Есіктен есікке» акциясының ерекшелігі – әрбір азаматпен жеке сөйлесіп, ашық диалог орнатуында. Өйткені тұрғындардың сеніміне ие болу, олардың пікіріне құлақ асу және көтерген мәселелеріне бейжай қарамау – халықпен жұмыстың маңызды бөлігі.
*№ 16 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Жунусова Жанар Аубакировнаның сайлау қорынан төленді

