Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.62 492.24 5.36

Салтанат Наурызбаева: «Семейдің дамуына өз үлесімді қосқым келеді»

3-11-2026, 11:43

Семей қаласындағы ForteBank филиалының басшысы Салтанат Наурызбаева қалалық мәслихат депутаттығына №12 сайлау округі бойынша сайлауға түсу туралы шешім қабылдады.

Ол бұл қадамын кәсіби қызмет барысында жинақтаған тәжірибесін қала дамуына бағыттап, тұрғындардың өміріне белсенді араласу ниетімен байланыстырады.

Салтанат Наурызбаева банк саласында еңбек еткен жылдары басқарушылық тәжірибе жинақтап, ұжыммен жұмыс істеу, маңызды шешімдер қабылдау және олардың нәтижесіне жауап беру бағытында кәсіби қалыптасқан.

Енді ол осы тәжірибесін қоғамдық-саяси салада да қолдануды көздейді. Негізгі мақсаты – қала өміріне араласып, тұрғындардың мүддесіне қызмет ету және Семейдің дамуына өз үлесін қосу.

*№ 12  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Салтанат Наурызбаеваның сайлау қорынан төленді


 

 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив