Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Айткурман Адыкпаев Зенковка ауылдық амбулаториясының ұжымымен кездесті

Кеше, 19:30

Бородулиха ауданының №2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаев сайлауалды кездесулер аясында Зенковка ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ұжымымен жүздесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, сондай-ақ ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бағыттары талқыланды.

Жиын кезінде медицина мамандары өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салды. Кандидат олардың ой-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерге назар аударды.

«Сапалы медициналық көмек – әрбір тұрғын үшін маңызды. Сондықтан медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, олардың еңбек жағдайына қатысты мәселелерге назар аудару қажет», – деді Айткурман Адыкпаев.

*2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив