Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Андрей Алтайбаев: «Ашықтық, жауапкершілік және адал еңбек – менің басты ұстанымдарым»

2-11-2026, 17:26

Алтайбаев Андрей Викторович – Семей қалалық мәслихатының №17 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат.

Кандидат сайлауалды жұмысында қала тұрғындарымен ашық диалог орнатуға, олардың өтініш-тілектері мен ұсыныстарына құлақ асып, әрбір азаматтың пікірін ескеруге басымдық береді.

Андрей Алтайбаевтың айтуынша, Семей қаласында назар аударып, нақты шешім қабылдауды қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Оның пікірінше, қордаланған мәселелерді тиімді шешу үшін халық пен билік өкілдері арасында тұрақты әрі ашық байланыс орнату маңызды.

Кандидат жинақтаған білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін туған қаласының дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттауды көздейді.

«Мен үшін ең бастысы – халықтың үнін есту, ұсыныстарын ескеріп, әрбір тұрғынның мәселесіне мұқият қарау. Оң өзгерістерге тек ашық диалог пен бірлескен жұмыс арқылы қол жеткізуге болады деп сенемін. Ашықтық, жауапкершілік және адал еңбек – менің басты ұстанымдарым», – деді Андрей Алтайбаев.

*№ 17 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Андрей Алтайбаевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив