Кандидат Андрей Алтайбаев Железнодорожников кентінің тұрғындарымен кездесті
Семей қалалық мәслихатының №17 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Андрей Алтайбаев сайлауалды жұмыс аясында Железнодорожников кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салып, елді мекеннің тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кандидат кездесуге қатысушылардың әрқайсысын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолдары мен сайлау округін одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.
Андрей Алтайбаевтың айтуынша, мұндай кездесулер халықпен жақын байланыс орнатуға, тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және нақты қандай өзгерістер қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Кандидат Железнодорожников кентінің тұрғындарына белсенділік танытып, ашық пікір білдіргені және елді мекеннің дамуына бейжай қарамағаны үшін алғысын білдірді.
*№ 17 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Андрей Алтайбаевтың сайлау қорынан төленді

