Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Андрей Алтайбаев алғашқы сайлауалды кездесуін өткізді

2-11-2026, 20:03

Семей қалалық мәслихатының №17 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Андрей Алтайбаев тұрғындармен алғашқы кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер талқыланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру саласының жай-күйі және өңірдің даму перспективалары жөнінде пікір алмасу болды.

Сонымен қатар округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, халықты толғандырған маңызды мәселелер төңірегінде ашық диалог ұйымдастырылды.

Кандидаттың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындармен өзара байланысты нығайтып, халықтың талап-тілегін тереңірек түсінуге және ел мен өңірдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.

Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру – алдағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі.

*№ 17 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Андрей Алтайбаевтың сайлау қорынан төленді



Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив