Кандидат Айдос Солтанғазы №53 мектеп ұжымымен кездесті
Семей қалалық мәслихатының №22 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Айдос Солтанғазы №53 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарлары мен негізгі басымдықтары туралы баяндады. Сонымен қатар білім беру ұйымының қызметкерлерімен пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларды толғандырған сұрақтар талқыланды. Мектеп ұжымы өз пікірлерін білдіріп, алдағы жұмысқа қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Айдос Солтанғазы ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауда әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық таңдауының маңыздылығын атап өтті.
Кандидат тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдау және ашық диалог орнату бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
*№ 22 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Айдос Солтанғазының сайлау қорынан төленді