Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Айдос Солтанғазы политехникалық колледж ұжымымен кездесті

10-11-2026, 15:50

Семей қалалық мәслихатының №22 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Айдос Солтанғазы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында политехникалық колледж ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар колледж қызметкерлерімен пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, білім беру саласына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Айдос Солтанғазы тұрғындармен және түрлі сала өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстыру, олардың ұсыныстарын тыңдау жұмыстарын жалғастыруда.

*№ 22 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Айдос Солтанғазының  сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив