Кандидат Бауыржан Азизов зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана ұжымымен кездесті
«Әділет» партиясынан Семей қалалық мәслихатының №14 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Бауыржан Азизов қаладағы зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, кандидат қатысушыларға өзін таныстырып, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.
Жүздесу барысында кітапхана қызметкерлері кандидатпен пікір алмасып, өздерін қызықтырған мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіруге, қоғамның түрлі саласының өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға және олардың пікірлерімен танысуға бағытталған.
*№14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Бауыржан Азизовтың сайлау қорынан төленді

