Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Салтанат Наурызбаева гуманитарлық-заң колледжінің ұжымымен кездесті

6-11-2026, 18:48

Семей қалалық мәслихатының №12 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Салтанат Наурызбаева гуманитарлық-заң колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қаланың болашағы мен даму перспективалары жөнінде ашық пікір алмасу болды. Атап айтқанда, қала аумағын абаттандыру, балалар ойын алаңдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалалық ортаны дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын кезінде колледж қызметкерлері өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Кандидат қатысушылардың пікірлерін тыңдап, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді түсінудің маңыздылығына тоқталды.

Салтанат Наурызбаеваның айтуынша, мұндай кездесулер қала тұрғындарының қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және ортақ мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.

Қаланың қолайлы әрі жайлы ортаға айналуы – баршаға ортақ міндет. Бұл бағыттағы нәтижеге бірлескен жұмыс пен ашық диалог арқылы қол жеткізуге болады.

*№ 12  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Салтанат Наурызбаеваның сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив