Кандидат Қайырлы Қасенов Ақсуаттағы мәдениет үйінің ұжымымен кездесті
Абай облысының №10 бірмандатты аумақтық сайлау округінен кандидат Қайырлы Қасенов Ақсуат ауданының Ақсуат ауылындағы Мәдениет үйінің ұжымымен кездесті. Жиын барысында ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуы, тұрғындардың сұранысы және елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Қайырлы Қасенов алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Жиында мәдениет саласының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде кандидат тұрғындардың пікірін тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Қайырлы Қасенов ауылдың дамуы тек жаңа нысандар салумен шектелмеуі керектігін атап өтті. Ең бастысы – тұрғындардың күнделікті өмірінде нақты оң өзгерістердің болуы. Ол үшін халықтың ұсыныстарын ескеріп, өзекті мәселелерді жүйелі түрде назарда ұстау маңызды.
Кездесу қорытындысында ауылдың әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
*№10 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қайырлы Қасеновтың сайлау қорынан төленді


