Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Кандидат Қайырлы Қасенов Ақсуаттағы коммуналдық кәсіпорын ұжымымен кездесті

4-11-2026, 19:30

Абай облысының №10 бірмандатты аумақтық сайлау округінен кандидат Қайырлы Қасенов Ақсуат ауданы әкімінің шаруашылық есебіндегі «Ақсуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Жиын барысында ауылдың абаттандырылуы, коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы және еңбек адамдарының әлеуметтік мәселелері талқыланды.

Жиында коммуналдық сала қызметкерлерінің ауыл тіршілігін қамтамасыз етудегі рөліне де назар аударылды. Атап айтқанда, елді мекеннің тазалығы, көшелердің жағдайы мен инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуі күнделікті еңбектің нәтижесі екені айтылды.

Қайырлы Қасенов ауылдың дамуы тек ірі жобалармен өлшенбейтінін атап өтті. Оның айтуынша, елді мекеннің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарының жұмысын бағалау, оларға лайықты еңбек жағдайын жасау және әлеуметтік қолдау көрсету маңызды.

Кездесу барысында коммуналдық сала қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер назарға алынды.

*№10 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қайырлы Қасеновтың сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив