Кандидат Мамырбек Қарашев Үржар аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен кездесті
Абай облыстық мәслихатының №14 сайлау округі бойынша кандидаты Мамырбек Қарашев Үржар аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарлары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамалары туралы айтып өтті.
Жиын барысында бөлім қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, қатысушылармен ашық пікір алмасты.
Кездесудің негізгі мақсаты – сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын таныстырып, тұрғындармен тікелей байланыс орнату және өзекті мәселелерді талқылау.
*№14 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мамырбек Қарашевтің сайлау қорынан төленді


