Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Ерасыл Диқамбаев Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

9-11-2026, 18:19

Абай облыстық мәслихатының депутаттығына №15 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша өз кандидатурасын ұсынған Ерасыл Диқамбаев Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, елді мекеннің дамуы, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және ауылдағы әлеуметтік мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Тұрғындар өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, кандидатпен ашық пікір алмасты.

Өз кезегінде Ерасыл Диқамбаев тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Кездесу жергілікті халықтың ұсыныстарын тыңдап, өңірдің даму бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

*№15 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерасыл Диқамбаевтің сайлау қорынан төленді


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив