Кандидат Саят Базанов №46 мектепте сайлауалды кездесу өткізді
Семей қаласындағы №46 мектепте Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Саят Базановтың сайлауалды кездесуі өтті.
Кездесу барысында №9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша кандидат тұрғындарға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарлары мен негізгі басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ елді мекеннің дамуына қатысты көзқарастары мен алдағы кезеңде жүзеге асыруды көздеген бастамалары туралы ақпарат берді.
Жиын барысында халықпен ашық диалог орнатудың, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерудің маңыздылығы атап өтілді. Кандидат ел болашағы ортақ жауапкершілік екенін айтып, халықпен тұрақты байланыс орнату басты міндеттердің бірі екенін жеткізді.
*№ 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Саят Базановтың сайлау қорынан төленді

