Кандидат Николай Ушаков №12 мектеп ұжымы мен тұрғындармен кездесті
Абай облыстық мәслихатының депутаттығына №7 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ретінде тіркелген Николай Ушаков №12 мектеп ұжымы мен жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар білім беру саласын жетілдіру, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы басымдықтарға тоқталды.
Жиын барысында мектеп ұжымы мен тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Николай Ушаков әрбір сауалға назар аударып, халықпен ашық диалог орнатудың және тұрғындардың талап-тілектерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Николай Ушаковтың сайлау қорынан төленді

