Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

40-бап: Тарихи және мәдени мұраны сақтау – ортақ міндет

Бүгін, 14:22

Тарихи мұра – ұлттың өткені мен бүгінін байланыстыратын рухани құндылық. Әрбір халықтың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі оның ұлттық болмысын айқындайды. Осы құндылықтарды сақтау және келер ұрпаққа жеткізу – қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 40-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті», – деп белгіленген.

Аталған бап тарихи-мәдени құндылықтарды қорғаудың маңызын конституциялық деңгейде айқындайды. Бұл міндет тек тарихи ескерткіштерді бүлдірмеумен шектелмейді. Ол – ел тарихына құрметпен қарау, ұлттық мұраны бағалау, мәдени нысандарды сақтау және олардың болашақ ұрпаққа аман жетуіне үлес қосу дегенді білдіреді.

Тарихи ғимараттар, ескерткіштер, көне жәдігерлер мен мәдени нысандар – өткен дәуірден жеткен баға жетпес мұра. Оларды күтіп ұстау, қорғау, бүлінуден сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Әсіресе жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастыруда мәдени мұраны танып-білу мен оған құрметпен қараудың маңызы зор.

Сонымен қатар бұл норма қоғамда тарихи құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Өйткені мәдени мұраны сақтау – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың азаматтық міндеті.

 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив